Велоспорт: Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Голландық Валькенбургтегі 177 шақырымға созылған трассаны Луценко 4 сағат 20 минут 15 секундте жүріп өтті. Бұл велоспорттың тарихында Қазақстанның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі.

Алексей соңғы сәттерде Бриан Кокарадан жарты корпусқа алда болды. Ал үшінші болып мәре сызығын бельгиялық Том Ван Асброек қиып өтті.

Айта кетейік, жарысқа Қазақстан құрамасынан 6 алты спортшы қатысты. Яғни, бұл бір елден квота бойынша қатысушылардың ең көбі болып табылады.