Еске сала кетейік, бұл - қазақстандықтардың бүгінгі екінші алтын медалі. Таңертең Дмитрий Груздев ерлер арасындағы 45 шақырымға жекелей жарыста бірінші болып келгенін хабарлағанбыз.
Қарағанды қаласында жалғасып жатқан чемпионатта қазақстандық велошабандоз Дмитрий Груздев мәре сызығын бірінші болып кесті.
Ол ерлер арасындағы 45 шақырым жеке жарыста бақ сынаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан спортшысы Екатерина Юрайтис велоспорттан Азия чемпионатында 15 шақырымға жеке жарыста алтын медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, Әлішер Жұмахан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.