Велотректен әлем кубогының Астана кезеңінде алты спортшы жарақат алды

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, ISD Track Tea командасының спортшысы Максим Васильев сүйек терісін жараттап алды. Ал гонконгтық спортшы Хо Тинг жеңіл жарақат алып, жарысты одан әрі жалғастырды. Сонымен қатар Қазақстанның Astana Track Team командасының велошабандозы Никита Панасенко тізесін жарақаттап алды.

Мэдисон жарысы кезінде тағы үш спортшы жарақат алды. Дегенмен екі спортшы жарыс жолын қайта шығып, тек ауыр жарақат алған француздық велошабандоз ғана додадан шығып қалды.