Жарысты ұйымдастырушылардың атап өтуінше, кеше ерлер арасындағы спринт жарысының финалында ол ресейлік «Мoskow Track Team» командасының велошабандозы Денис Дмитриевтен басым түскен.
«Жарыс өте қиын болды. Бүгінгі күн кешегі өте ауыр кейрин жарысынан кейін тіпті ұзарып кеткендей. Мен жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бұл спринт жарысында соңғы екі жылдағы менің алғашқы алтыным. Жарыс өте тамаша ұйымдастырылған және маған Астана ұнады», - деп атап өткен ағылшын спортшысы.