Велотректен әлем кубогының Астана кезеңіне қатысатын қатысушылардың жартысы ресми жаттығуға дайын

Өткен аптада елордаға Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Оңтүстік Корея, Дания, Литва, Жаңа Зеландия, Малайзия, Түркия сынды мемлекеттердің әлемдік велоспортта беделі жоғары спортшылары келді. Ал бүгін түнде және таңертең елорда әуежайы Италия, Исландия, Бельгия, Ресей, Канада, Нидерланды, Польша, Қытай мен Гонконг командаларын қарсы алады. Сонымен қатар бүгін Жапония мен Куба велошабандоздары Астанаға ат басын тірейді.

Ертеңгі жаттығулардың ресми ашылуына әлемнің 22 елінің 340 спортшысы мен Велоспорт федерациясының өкілдері қатысады.

Таяу күндері Франция, Австрия, Ирландия, Испания, Ливан, Беларусь, Тайланд, Тайвань, ОАР, Швейцария, Финляндия, Чехия, Словакия, Грекия, Мексика, Аргентина, Бразилия, Тринидад пен Тобаго, Венесуэла, Колумбия, Иран, Өзбекстан елдерінің спортшылары Қазақстанға келеді.

Қазіргі уақытта Әлем кубогының астаналық кезеңіне қатысуға 22 кәсіби трек командалары мен 44 ұлттық құрамасы өтініш берді.