«Біздің барлық қонақтар мен жарысқа қатысушылар спорт құрылысына өте разы және мамандар оның өте жылдамдықты екендігін атап өтуде. Оған спортшылардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі дәлел бола алады. Кеше командалық жарыста Ресейдің құрама командасы өте жақсы нәтиже көрсетті»,- деді ол.
Қазіргі уақытта «Сарыарқа» велотрегінде әйелдер арасындағы спринттен жарыстар өтуде. «Спортшылар жоғары нәтиже көрсетуге тырысуда. Өйткені бұл жарыстарда жеңіске жету Лондон олимпиадасының жолдамасын ұтып алуға мүмкіндік береді», - деді О.Түсімханов.
Өкінішке орай, бүгінгі жарыс барысында бірнеше спортшы жарақат алды. Атап айтқанда, омниум жарысы барысында жапон велошабандозы Канако Касио құлап, ауыр жарақаттанды. Сонымен қатар тағы бір жапондық спортшы Сеихиро Накагавада кейрин жарысында құлап қалды.