Вена дипломатиялық академиясында ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін жаhандық көшбасшылар алянсы (ЖКА) стратегиялық жоспарлау тобының екінші кездесуі өтті

Халықаралық қатынастардағы өткір дағдарыстың және дипломатиялық қарым-қатынастың күрт азаюының қазіргі жағдайында халықаралық сарапшылар отырысы 1754 жылы құрылған әлемдегі ең көне халықаралық қатынастар кәсіптік мектептерінің бірі - Вена дипломатиялық академиясында өтті.

Қатысушылар негізгі құрылымдардың құлдырауына және қару-жарақты бақылау саласында кері кетушілікке алаңдаушылық білдірді.

Осыған байланысты Горбачев Қорының халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, халықаралық маман Павел Палажченко стратегиялық тұрақтылық мәселесі бойынша Мәскеу мен Вашингтон арасындағы байланыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Ядролық державалар тарапынан ядролық сынақтарға (ЯСЖТШҰ) жан-жақты тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШҰ) ратификацияламағанына, сонымен қатар, Ресей өзінің ратификациясын кері қайтарып алғанына қарамастан, ЯСЖТШҰ аясында құрылған халықаралық мониторинг жүйесіне елдердің міндеттемесі сақталуда. Бұл қазіргі уақытта өте құнды, өйткені көп адам ядролық тәуекелдердің өсуіне алаңдаулы», - деді ЯСЖТШҰ-ның құрметті экс-атқарушы хатшысы Лассина Зербо ядролық қаруды бақылау режиміне қатысты.

Пікірталас ядролық қаруы жоқ елдердің қауіпсіздігіне теріс кепілдік мәселесін қозғады. «Қазір әлемде ядролық қарусыз аймақтардың аумағында орналасқан 115 ел БҰҰ мүшелерінің жартысынан көбі саналады және олар ешқашан қауіпсіздіктің теріс кепілдігін талап еткен емес. Тиімді үйлестіру арқылы бұл шара сәтті болуы мүмкін», - дейді Халықаралық бейбітшілік институтының (ІІР) вице-президенті, БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі бұрынғы Жоғары өкілі Ангела Кейн.

Стратегиялық топтың мүшелері ядролық қаруды жоюға нақты үлес қосу үшін ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар арасында өзара байланыс орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

«Ядролық тәуекелді төмендеткісі келетін барлық ұйымның біртұтас майдан болуы өте маңызды», - деді Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Гранофф. Халықаралық қарусыздану қауымдастығының желісін нығайту үшін ол үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен стратегиялық конференция ұйымдастыруды ұсынды.

«Ядролық қаруды таратпау және жою үшін парламентшілер» (PNND) Ұйымының жаһандық үйлестірушісі Алин Уэйр БҰҰ-ның «Болашақ саммитінде» стратегиялық топтың ашық үндеуін таратуды, сонымен қатар, ядролық қарусыздану және таратпау мәселесін БҰҰ-ның 2030-2045 жылдарға арналған тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібіне енгізу бойынша қарқынды жұмыс істеуді ұсынды.

Отырыс барысында Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы (2012-2021), Словакия Республикасы СІМ елшісі Урбан Руснак жас буынды ядролық қауіпсіздік мәселесін талқылауға белсенді тарту туралы ұсыныс жасап, ядролық қарудың қаупі туралы хабардар етудің қажеттігін атап өтті.

Қорытындылай келе, ЖКА Стратегиялық жоспарлау тобының мүшелері Альянстың одан әрі жұмыс істеу бағыттарын анықтады. Сонымен қатар, өткен кездесудің қорытынды құжаты ретінде екінші ашық үндеудің мәтіні әзірленді, онда сарапшылар ядролық саясат мәселесі бойынша қоғамдық пікірталастарды ынталандыру үшін нақты қадамдарды тұжырымдады.

Ашық үндеу әлемдік көшбасшыларға ядролық арсеналдарды қысқартуға, ядролық қызметпен айналысатын мемлекеттердің өсуін тоқтатуға және ядролық қару бар қақтығыстар аймағында бейбітшілік құру жөніндегі күш-жігерді қолдауды қамтамасыз етуге шұғыл үндеу.

«Ядролық қаруы бар барлық мемлекет үшін бірінші қадам – ядролық қаруды қолданбау саясатын қабылдау. Ядролық державалардың әрқайсысы мұны біржақты немесе ұжымдық түрде жасай алады. Әлемге бұл кепілдік қажет», - делінген үндеуде.

Альянстың барлық мүшесімен ашық үндеу мәтінін келісу қорытындысы бойынша құжат ЖКА ресми сайтында жарияланады және жаһандық қоғамдастық аясында таратылады.

Анықтама үшін: Альянсты шақыру туралы бастаманы алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы қарашада «Астана клубы» халықаралық пікірталас алаңының V отырысында ұсынды.

2020 жылы клубтың Консультативтік кеңесінің мүшелері альянс құру бастамасын қолдау үшін әлем көшбасшыларына ашық үндеу жолдады.

Құжат БҰҰ мен МАГАТЭ-нің ресми құжаты ретінде тіркелді, бұл халықаралық қоғамдастықтың ядролық қаруды таратпау және ядролық соғыс қаупінен азат әлем құру мәселесін қолдайтынына дәлел болды.

Халықаралық ядролық қауіпсіздік саласында сапалы диалог құру қажеттілігінің артуына байланысты ЖКА ядролық қарусызданудың күн тәртібін ілгерілету үшін жаңа жаһандық платформа ретінде құрылды.

2022 жылы 26 мамырда Венада Альянс мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті, онда ЖКА Стратегиялық жоспарлау тобы (GAL Strategic Planning Group) құрылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Стратегиялық жоспарлау тобы ядролық қаруды қолданудың қазіргі қаупі туралы ашық үндеу жариялады. Жетекші халықаралық сарапшылар халықаралық қоғамдастық пен әлемдік көшбасшыларды ядролық қаруды пайдаланып, жанжалдардың өршуіне жол бермеу қажеттігіне және жаһандық түйткілдерді бірлесіп шешудің маңыздылығына назар аударуға шақырады.

Толығырақ www.alliance.global сайтында.

Континенттер диалогы – бұл әлемдік экономикаға әсер ететін негізгі үрдістерді талқылауға, сонымен бірге, болашақ өсудің перспективалары мен бағыттарын талқылауға арналған мемлекеттік және жеке сектордың жетекші субъектілері үшін халықаралық форум.

Бұл алаң мемлекеттік және жеке сектордың жетекші өкілдерін терең және тәуелсіз пікірталастарға тартуға арналған.

2023 жылғы 4-5 желтоқсан аралығында «Жаңа жаһандануға көшу қаупін төмендету» күн тәртібімен 6-шы форум өтті.

Толығырақ: https://www.dialogueofcontinents.com/2023-2/