“Іс аяқ-астынан мүлдем басқа арнаға бұрылып, Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің тапсырмасы бойынша қазақстандық банк менеджерлерін өлтірді деген күдіктілер: бұрынғы арнайы қызмет бастығы Әлнұр Мұсаев пен Әлиевтің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Вадим Кошляк сот залынан босап шықты”, - деп жазады жергілікті Derstandard басылымы.
Судьяның айтуынша, бұған “Қазақстаннан жеткізілген мәліметтердің бір-бірімен сай келмеуі” түрткі болған көрінеді.