Венада Халықаралық атом энергиясы агенттігінің сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық орталығы ашылды

Сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық орталық Халықаралық атом энергиясы агенттігінің құрылымдық бөлімі болмақ. Оның мақсаты дүниежүзіндегі ябролық нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігі жөнінде ақпараттар жинау мен мемлекеттерге техникалық көмек көрсетуге саяды. Орталық жер сілкіністерінің залал-зардаптарын төмендету жөнінде нұсқаулар дайындап, зілзалалардың залал-зардаптарының ауқымын бағалайды.