Венада қазақ елінің өнер майталмандары концерт береді

Мәдени шараға Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, домбырашылар ансамблі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Алан Бөрібаев, Азамат Жылтыркөзов, Айгүл Ниязова, Бибігүл Жанұзақ, Нұрлан Бекмұхамбетов, Талғат Мұсабаев, Гүлзия Стамбек, Әмір Тебенихин, Сүндет Байғожин, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары - Бибігүл Сауытова, Жақсыгелді Маясаров, Мейір Байнешов, Ерболат Ахмедияров, Арман Жүдебаев, Нұржан Бажекенов, Еділ Хұсайынов, Ардақ Итекеева, Нарын Қажғалиев, Салтанат Ахметова, Ержан Құлыбаев, Бауыржан Андержан, Айзада Капонова сынды өнерпаздар қатысады.

Концерт бағдарламасында қазақ композиторларының шығармалары, сонымен қатар әлемдік классикалық музыканың бірегей туындылары бар.