Венеция мэрі мен 34 адамды полиция қамауға алды

MOSE жобасын жүзеге асыру кезінде "сыбайластыққа жол берілді" ісі бойынша Венеция мэрі Джорджо Орсони мен 34 адамды қамауға алды, деп хабарлады сәрсенбіде итальяндық БАҚ.

Қаржы қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі полиция үш жыл бойы жүргізген тергеуін аяқтаған соң олар қамауға алынды.

Оларға сыбайластық жасады, ақшаны заңдастырды және жұмсап қойды деген айып тағылған.

Қамауға алынғандар ішінде бизнесмендер мен саясаткерлер бар.


Прокуратура депутат Джанкарло Галанды, яғни Венетоның бұрынғы басшысын қамауға алу туралы ресми сұрату салды. Ол бұрынғы премьер Сильвио Берлускони кезінде ауыл шаруашылық министрі болған.

Полиция анықтағандай, MOSE жобасы аясында бөлінген кем дегенде 20 млн еуро шетелдік есеп-шоттарға аударылған.