Венесуэла мен Ливия берешектері салдарынан БҰҰ-да дауыс беру құқығынан айырылды

Пан Ги-Мун қол қойған ресми хат  жұма күні таратылған. Онда Бас хатшы борышкер елдерді атады, олардың арасында Венесуэла мен Ливия бар. Хатта Венесуэла  БҰҰ-ға 3 млн доллар берешек екені көрсетілген. 

Сондай-ақ тізімде Доминикан  республикасы (2,1 млн доллар), Сент-Винсент пен  Гренадины (2155 доллар) және Бурунди (1360 доллар) бар.

Егер БҰҰ-ға мүше елдер өздеріне қатысы жоқ жағдайларға байланысты төлей алмаса, оларда дауыс беру құқығы қалады. Бас ассамблея соғыс жағдайындағы бес кедей елге  дауыс беруге рұқсат беретін қарарды қабылдады, олардың ішінде Сомали мен Йемен бар.

Дегенмен БҰҰ қауіпсіздік кеңесі құрамындағы Венесуэла келесі айдан оның төрағасы болады.   Мүшелік жарна бойынша берешектің бұған әсері болмайды, деп хабарлайды Би-би-си.