Венесуэла президенті полицияны «шаш ұрлайтындарға» қарсы күресті күшейтуге шақырды

Венесуэла президенті Николас Мадуро полицейлерді көшеде әйелдердің шашын кесіп алып, салонға тапсыруды кәсіп қылған бұзақыларға қарсы күресті күшейтуге шақырды. Бұл туралы британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады.


           Жергілікті БАҚ-ның хабарлауынша, мұндай қылмыс елдегі ірі қалалардың бірі – Маракайбо шаһарында өршіп тұр.
           Н.Мадуро полиция мен ІІМ «шаш ұрлайтындармен» бірлесіп күресуі тиіс деп мәлімдеді.
           Венесуэла заңдарында шаш ұрлағандарға жаза тағайындалмағандықтан оларды жауапқа тарту мүмкін болмай отыр.