Венесуэла президентінің ұшағын АҚШ әуе кеңістігіне жібермей қойған

АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұшағы үшін Пуэрто-Рико аралдарының үстімен ұшып өтуіне рұқсат етпеді, деп хабарлады жұмада Венесуэла сыртқы істер министрлігінің өкілі.


           "АҚШ-пен не болып отыр. Мемлекет басшысына өздері колонияға айналдырған елдің үстімен ұшып өтуге рұқсат етпеуі үлкен қателік", деді Венесуэла СІМ жетекшісі Элиас Хауа.
           Пуэрто-Рико АҚШ-тан еркін қауымдасқан мемлекет мәртебесіне ие.
           Н.Мадуро ҚХР үшкүндік сапармен бармақ болған, ол елдің лидері Си Цзиньпинмен Каракас пен Пекиннің өз ара ықпалдастығы мәселелерін талқыламақ.