Венесуэлада апатқа ұшыраған ұшақтан бір тонна кокаин табылды

Алдын ала болжам бойынша, ол есірткі дилерлері немесе ірі есірткі курьерлерінің иелігінде болған. Құлаған ұшақтан 863 бума кокаин табылды, деп жазады Ultimas Noticias басылымы. 

Алынған ұнтақтың жалпы салмағы 999 келіні құраған. Жергілікті тұрғындардың апат туралы хабарлауынан кейін, оқиға орнына полиция мен ұлттық гвардия келген. Ұшақтың ішінде қаза тапқан үш адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады Венесуэланың ішкі істер, әділет және бейбітшілік министрі Нестор Реверол (Néstor Reverol). 


Сондай-ақ, ол екі шетел төлқұжаты, мобильдік телефондар мен әуе ұшулары кезінде қолданылатын GPS құрылғыларының табылғанын нақтылады.