Венесуэлада бортында итальян туристері бар ұшақ жоғалып кетті

Ұшақтың бортында 6 адам болған, олардың 4-уі - жолаушылар. Мексикандық БАҚ хабарлағандай, жұма күні Каракас әуежайына бағыт алған жеңіл моторлы ұшақ радардан жоғалып кетті.

Ұшақ пен итальяндық туристер жөнінде ақпарат әзірге келіп түспеді. Расталған мәліметтерге қарағанда, әуе кемесінің бортында Missoni танымал сән үйі иесінің ұлы мен оның отбасы болған.