М.Яцковичтің айтуынша, Венгриямен арадағы әуе қатынасы 2003-жылдың қазан айында тоқтап қалған. Оның айтуынша, "бұған дейін аптасына екі мәрте Алматы-Атырау-Будапешт бағытында тұрақты рейс ұшырылып тұрған". "Біз "Эйр Астана" компаниясы бұл бағытта өз рейсін ашады деп күткен едік, алайда үмітіміз ақталмады",- деді ол.
Елшінің айтуынша, "екі ел арасында әуе қатынасының болмауы - туризм саласын дамытуға кедергі келтіруде". "Каспий аймағында көптеген венгрия азаматтары жұмыс істейді. Байланыстың жоқтығынан олар үйге айналма жолдармен қатынауға мәжбүр",- деді ол.