Медальдардың саны бойынша көшбасшы көптеген халықаралық сайыстардың чемпионы, полиция подполковнигі Асқар Жандаров болды. Ол Будапештте қатарынан 3 қола медальді жеңіп алды. Грек-рим күресінде «қола» үшін ақтық мәреде қазақстандық Венгрия өкілімен кездесіп, оны ұтты. Одан кейін еркін күрес бойынша Моңғолияның спортшысымен белдесіп, жеңіске қол жеткізді.
Тағы бір қола медальды көші-қон полициясының бұрынғы қызметкері, зейнеттегі Нұржан Асылбеков еншіледі. Түркістандық спортшы еркін күрестен 3-ші орын алды.