Венгрияның MOL мұнай компаниясы Федоров блогын игеру жобасындағы үлесін 5 процентке арттырды

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, бұл үлесті MOL мұнай компаниясы Exploration Venture Limited компаниясынан 3,82 млн. долларға сатып алған. Ал Exploration Venture Limited бұған дейін 55 проценттік үлесті барлау жұмыстарының операторы болып табылатын Avery Worldwide Limited компаниясынан сатып алған болатын. Соңғысы - "ЮКОС" компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі болып табылады. Ал консорциумдағы үшінші әріптес ретінде блокты игеру жобасының 22,5 проценттік үлесін иемденетін First International Oil Corporation (FIOC) компаниясы қалып отыр.

Сөйтіп, бұл жобаға Венгрияның MOL мұнай компаниясы 37 млн. доллардың инвестициясын жұмсады. Бұл сомаға 27,5 проценттік үлесті сатып алу құны мен блокты игерудің екінші фазасындағы міндеттемелер де енеді.
MOL ақпаратына сәйкес, қазір консорциум кенішті игеру жұмыстарының екінші сатысына көшті. Оған екі ұңғы бұрғылау және 150 шаршы метр аумақта сейсмикалық 3D зерттеулерін жүргізу енеді. MOL мұнай компаниясы барлау жұмыстары аяқталғанға дейін оператор ролін атқарады. Консорциум барлау жұмыстары сатысын 2008-жылдың мамыр айына дейін аяқтауды көздеп отыр.
Сауда-саттық туралы түсініктеме берген MOL мұнай компаниясының басқарушы директоры Золтан Алдоттың айтуынша, " мұнай, конденсат және табиғи газ бойынша ауқымды қорға ие Федоров блогы MOL мұнай компаниясының интеграциялық операцияларды дамыту жөніндегі стратегиясына сәйкеседі".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, MOL мұнай компаниясы Федоров блогын игеру жобасы бойынша 22,5 проценттік үлесті сатып алғаны туралы 2004-жылдың шілде айфнда жариялаған.
Федоров блогында 200 млн. тонна мұанй және газ конденсаты, 400 млрд. текше метр газ қоры бар деп бағаланған. Блокты игеру жөніндегі лицензияны FIOC компаниясы иемденеді.