Венгрияның Қазақстандағы елшісі мен Қарағанды облысының әкімі ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Сапар барысында Я.Немет демалыстан кейін енді қызметіне кіріскен облыс әкімі Нұрлан Нығматулинмен кездесті.

Келіссөз кезінде облыс бойынша бір ғана бірлескен кәсіпорынның жұмыс істейтіндігі айтылды. Ол "Ясинов машина құрылыс зауыты".

"Біз екі жаққа тиімді ынтымақтастық жалғасады деген сенімдеміз. Елбасының жыл сайын жасайтын халыққа жолдауына сәйкес, денсаулық сақтау маңызды мәселе болып табылады, ендеше осы салада жұмыс істейік",-деді кездесуде Н. Нығматулин.

Я.Немет өз кезегінде Венгрия елшілігінің "денсаулық сақтауға қатысты бірлескен жобаларға көмек беруге дайын" екенін атап өтті. "Яғни, дәрігерлерді тәжірибеден өткізуге, әсіресе кардиолог мамандарды, оған қоса бізде аурухана салуда үлкен тәжірибеміз бар, онымен де бөлісеміз",-деді дипломат.

Бүгін Я.Немет диагностикалық және гемодиализ орталықтарын аралап, Спасскідегі мемориалдық кешенге барып қайтуды жоспарлап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті