Vesti.kz порталы "Астана арландарының" кезекті жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) "Ресей патриоттары" мен "Астана арландары" арасындағы ширек финалдың бірінші жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде тек Vesti.kz порталы көрсетеді.

Ширек финалдың бірінші кездесуі бүгін 11 мамыр күні, Ресейдің Кемерова қаласында өтеді. Жекпе-жектер Астана уақытымен 18:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын мынасілтеме бойынша көре аласыздар.
Vesti.kz
порталында бұл кездесуді Роман Кушпелев пен Уалихан Қосанбай жүргізеді. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде болады.

Жекпе-жекте шаршы алаңға шығатын боксшылардың тізімін мына жерден көруге болады. Еске салайық, ширек финалдық екінші кездесуі 20 мамыр күні Қарағанды қаласында өтеді.