Вьетнам Еуразиялық даму банкісінің қатысушысы болмақ

Бұл елдің банкке мүше болу мәселесі банк басқармасының төрағасы Игорь Финогеновтің Вьетнам Мемлекеттік банкісінің басқарушысы Нгуен Ван Бинеммен Алматыда өткен келіссөздері барысында талқыланды, деп хабарлады дүйсенбіде банктің баспасөз қызметінін.

Еуразиялық даму банкі халықаралық қаржылық ұйым, оны 2006 жылы нарықтық экономиканы дамытуға ықпал ету мақсатында Ресей мен Қазақстан құрған болатын. Қазіргі уақытта банкке РФ, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан және Белоруссия қатысуда.