Былтыр бұл жарыста ел құрамасы 5-ші орынды қанағат тұтқан болатын. Биыл ел намысын қорғаған қарағандылықтар топтық сында және жартылай финалда барлық қарсыластарынан басым түсіп, тек ақтық сайыста ғана жарыс қожайындарының «TT Liên Việt Bank» командасына 2:3 (17-25, 25-20, 22-25, 25-19, 11-15) есебімен ұтылды.
Үштікті вьетнамдық «Ngân hàng Công thương» командасы тұйықтады. Жүлде қоры 26 мың долларды құрайтын жарыста кубог иегері - 12 мың, күміс жүлдегер - 7 мың, ал қола жүлдегер 5 мың доллар сыйақы алды.