"Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшы қыздар 7-орын алды


ҚР Волейбол федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, оған 8 елден 9 команда қатысқан. Онда Нелли Щербакова жаттықтыратын Қазақстанның жастар құрамасы іріктеу кезеңінде "А" тобында өнер көрсетті. Олар Солтүстік Корея мен Вьетнам-1 командаларына 0:3 есебімен жеңіліп, Австралия волейболшыларымен болған соңғы ойында ғана 3:1 есебімен жеңістің дәмін татты. Одан кейін негізгі сында тайландықтардың осал тұсын таба алмағанмен (0:3), австралияқтармен болған екінші кездесуде тағы да 3:1 есебімен басым түсіп 7-орынға табан тіреді.