Вьетнамда бюджетті үнемдеу мақсатында сотталғандар түрмеден босатылады


Еркіндікке ауыр қылмыс жасамаған және мерзімінің жартысын өтегендер шыға алады. Әр ай сайын билік сотталғандарды бір бөліктен босатып отырады. 
БАҚ-тың хабарлауынша, Вьетнамда әрбір қылмыскерді түрмеде ұстау үшін ел бюджетінен жылына 440 доллар жұмсалады. Сотталғандардың жартысын босатып, Вьетнам билігі жылына 9 млн доллар үнемдемек. 
Бостандыққа шыққандардың көбі полиция бақылауында болады.