Вице-министрдің жыны басылыпты: Мен қатты өкінемін...

Жыны басылған Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерден кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы вице-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мен журналистерге айтқан сөзім үшін қатты өкінемін. Менің журналистерге айтқан сөзімнің дұрыс емес екенін мойындаймын. Сол себепті ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Сондай-ақ мен сол кезде айтқанымдай журналистердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайынмын", - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, Серік Жұманғарин журналистердің қойған сұрағына қабағын шытып "жыныма тимеңдерші, блин", деп айтқан. Аталмыш сәт видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.