Вице-премьер Е.Орынбаев БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі күнтәртібін қалыптастыру жөніндегі кеңес өткізді

Шараға мемлекеттік органдар мен агенттіктердің, БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Премер-Министрінің баспасөз қызметі.

БҰҰ шешімен, Қазақстан осындай консультациялар өткізетін 50 елдің бірі ретінде таңдалып отыр. Бұл консультациялардың негізгі мақсаты - 2000 жылы БҰҰ-ның Мыңжылдық саммитінде қабылданған мыңжылдықты дамытудың мақсаттарын орындау жөніндегі ұсыныс-кеңестерді әзірлеу болып табылады.

Ұсыныс-кеңестер «Рио+20» және ұлттық басымдықтарды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдарды тереңдетудің әдістері ретінде қаралады.

Ұлттық консультациялардың қорытындылары жинақталып, БҰҰ-ның Даму мәселелері жөніндегі тобының жаһандық есебіне кіргізіледі және ол құжат 2013 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында қаралады.

Е.Орынбаев отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға консультациялардың тақырыптарын анықтауды және БҰҰ қарауына ұсыну үшін «Қазақстан-2050» стратегиясын ескере отырып ұсыныс-кеңестердің жобаларын әзірлеуді міндеттеді.