Вице-премьер-ауылшаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

ҚР ауылшаруашылығы бас мекемесінің басшысы облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевпен бірге Наурзум және Федоров аудандарындағы егістік алқаптарын аралады. Ал облыс атқамінерлерімен өткізген жұмыс бабындағы кеңесте А.Есімов алдағы орақ науқанына қатысты қиындықтар мен табыстарды талқылады.

Ертең, 15-тамызда А.Есімов Петропавлға барып, еліміздегі негізгі астықты облыстар әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізеді.