Д. Айнақұлова оқып берген "жоққа шығару" жөніндегі мәтінде атап көрсетіленіндей: "кейбір БАҚ-тарда пайда болған Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған донордың табылғандығы туралы хабарламаға СПИД орталығы былай деп мәлімдейді: СПИД орталығы биыл ВИЧ індетін жұқтырған донорды анықтаған емес. Бұл адам С түріндегі гепатитпен ауыратын адам ретінде клиникалық көрсеткіштеріне қарай тексеруден өткен. ВИЧ індеті бар қан ешкімге ауыстырып құйылған жоқ. Ол 2006-жылдың басында донор болған және С гепатитімен ауыратын адам ретінде 2006-жылдың наурыз айынан бастап қан тапсырудан аластатылған".
Журналистердің сауалына жауап берген Д. Айнақұлова 2007-жылдың шілде айында бұл адамнан ВИЧ індеті анықталғанын мойындады. Алайда, ол осы донордың қанша мәрте қан тапсырағаны туралы жарытып ештеңе айта алмады. "Қазір эпидемияологиялық тексеру жүргізіліп жатыр, бірдеме мәлім бола сала біз хабар береміз",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті