"Осыған дейін диагноздары расталған 27 балаға қосымша, мен кеше тағы 13 балаға қатысты мәлімет алдым. Сонымен, жалпы 40 баладан "ВИЧ- індеті" анықталды",-дейді Ерболат Досаев.
Министрдің айтуынша, қазіргі сәтте тағы 12 баланың қатерлі дертті жұқтыруы мүмкін деген күдік бар.
Ерболат Досаев Оңтүстік Қазақстан облысында 9989 бала ВИЧ инфекциясына тексерілуі қажеттігі анықталса, бүгінде олардың небәрі 2766, немесе 28% ғана медициналық тексеруден өткенін айтады.
Осыған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстан облысында 27 баланың диагнозын СПИД республикалық орталығы растаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті