“Видеоның өзі PR”: Балқадиша әнін орындаған зор дауыс иеcі қойшы болмай шықты (Видео)

Дегенмен де оның қойшы емес, кәсіби дәстүрлі әнші екені белгілі болды.

Бұл туралы әншінің өзі "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтып берді, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Бұл әнді нақышына келтіріп орындаған әншінің аты-жөні Дінисламбек Жайлаубай екені белгілі болды.

"Бұл жалған ақпарат. Бұл видео жақсы жүріп жатты. Бұдан кейін "25", - деген әнді айтқан болатынмын. Қуырдақ жеп отырып орындаған әнім бар. Сол екі видеом қатты жүріп жатты. Бұл видео Қатон-Қарағайға дейін жеткен, сол жерде біреу өтірік сыбыс естіген болу керек. Ол "Қойшы", - деп жазып жіберген кезде одан да жақсы өтті", - деп айтты ол.

Бағдарламаға қатысқан сарапшылар бұның жақсы пиар болғанын айтты.


Дінислам Жайлаубай қазіргі таңда Нұр-Сұлтандағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымының "Халық бөлімінде" дәстүрлі әнші болып қызмет атқарады.

Ол қазір 80-90 мың теңге айлық алатынын айтты. Тіпті бір жылдары елдің дәстүрлі ұлттық өнерге деген көзқарасынан түңіліп, 4 жыл жұмыссыз жүрген кезі де болған екен.