VII қысқы Азия ойындарының ашылуы мен жабылуы Астана қаласында өтеді

"Азияның Олимпиада комитетінің сессиясының отырысында VII қысқы Азия ойындарын Қазақстанның екі қаласында - Астана және Алматы қалаларында өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамедов хабарлады", - деп атап көрсетілген премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Азияның Олимпиада комитеті VII қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу салтанаттары және спорттың мұз айдынға байланысты түрлері Астана қаласында, ал шаңғы жарыстары Алматы қаласында өтеді деген шешім қабылдады", - деп атап көрсетілген құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті