VII Қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімі Алматыда өтетін болды - Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының директоры

Бұл туралы бүгін Елбасының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымын танысуы кезінде айтылды.

«Мемлекет басшысы Астана мен Алматы қалаларында өтетін VII Қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетінін айтты. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының 95 пайызы аяқталған бұл кешенде шайбалы хоккей жарыстары өтетін болады», дейді Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының директоры Юрий Захарин. 2008 жылғы қазанның 15-інде басталған жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толықтай аяқталатын болады. Оған 21 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.

Жалпы VII Қысқы Азия ойындарына 30 мемлекеттің спортшылары спорттың 11 түрінен сынға түседі. Биыл жөндеу жұмыстары кезінде қосымша мың орындық қойылып, трибунадағы көрермендер орны 5 мың адамға дейін ұлғайтылған бұл спор сарайында ерлер мен әйелдер арасындағы шайбалы хоккей ойындары өтетін болды. Бұған дейін онда әр жылдары боксшылар, волейболшылар, дзюдошылар, гимнасшылар, гандболшылар мәнерлеп сырғанаушылар, хоккейшілер және тағы басқа да көптеген түрлі спорт түрлері бойынша әрқилы спорт жарыстары өтіп келген болатын. Енді онда осы айдың аяқ шеніне таман дзюдодан Әлем кубогы бәсекесі өтпек.