Виктор Демьяненко – «Алматы барысы» белбеуінің иегері

Алматыда қазақ күресінен «Алматы барысы» турнирі аяқталды. Бұл туралы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен бұл аламан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналды. Оңтүстік астананың үздік балуаны атағына шаһардың сегіз ауданынан жиналған 24 спортшы таласты. Тартысқа толы болған жарыстың финалында Виктор Демьяненко мен Бауыржан Қабай белдесті. Дегенмен Қабайдың тәжірибелі Демьяненкоға шамасы жетпеді. Осылайша 2016 жылғы «Алматы барысы» атағы В.Демьяненкоға бұйырды.