Виктор Храпунов пен Бергей Рысқалиев Қазақстанды банкротқа ұшырата жаздаған

Мұрат Жұманбай, ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің ресми өкілі:

- Рысқалиев кезінде құрған ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың мемлекетке келтірген залалы 71 млрд. теңге көлемінде саналған. Оның біз 23,4 млрд.теңгесін өтедік. Яғни,  бұл тергеу барысында қайтарылған мүлік. Ал 39 млрд.теңгеге жылжитын және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды. Олар да тергеуден кейін қайтарылады деп сенеміз.

Қазіргі таңда ақша жеуден алдына жан салмаған  Бергей Рысқалиев пен оның бауыры  экс-депутат Аманжан Рысқали  халықаралық іздеуге жарияланды.  Із жасырып үлгермеген сыбайластары жаппай қамауға алынды. Бір анығы  қашқындағы әкім  бюджеттің миллиардтарын   туған інісімен басқа да тамыр-таныстарының  компанияларына  бөліп беріп отырған. Күні кеше, Рысқалиевтердің Швейцар банктеріне жасырған 3 есепшоты жабылды. Онда жалпы сомасы 100 млн еуро болған. Сондай-ақ осы елдегі  Виктор Храпуновтың шоты  да құрсауланды. Бірақ  Храпуновтар отбасының мемлекетке келтірген шығыны әлі белгісіз. Есептеліп жатқан көрінеді. Қазына қаржысын қымқырды деп айыпталып отырған Виктор Храпунов Қазақстаннан бір тиын да ұрламадым деуден жалығар емес. Бүгін қашқын  шенеунік арнайы мәлімдеме жасап, қаржы полициясының айыбын жоққа шығарды.


Виктор Храпунов:

- У меня лично ничего никогда не арестовывалось, поскольку не было у меня ни одного личного счета в Швейцарии ни в одном банке, у меня не было никакой недвижимости, никаких активов и нет на сегодняшний день. Пусть они порадуются, что мои несуществующие счета, активы арестованы.