Виктор Янукович мерзімінен бұрын президенттік сайлауға дайын


Бұл туралы Жоғары рададағы президент өкілі Юрий Мирошниченко мәлімдеді, деп хабарлады  РИА "Новости".

 - Президент,  "егер біз, саясаткерлер бір келісімге келмесек, бұл мәселені шешудің жалғыз жолы - мерзімінен бұрын өтетін сайлау" деді,- деп мәлім етті Мирошниченко бұл арада әңгіме конституцияның, парламент және президент сайлауының өзгеруі жайында екендігін айтып.