Виктор Янукович міндетті түрде Киевке оралатынын мәлімдеді


Виктор Янукович:

–Қазір ел ішінде неофашистер мен ұлтшылдар  жұмыс жүргізіп жатыр. Олар енді президент болуға әрекет жасауда. Жергілікті басқару органдарының басшылары мен милиция және Украина қауіпсіздік қызметінің офицерлерін жұмыстан босатуда. Себебі ант қабылдаған осы адамдар ғана өз президентіне адал қызмет ететіндігін жақсы біліп отыр.   

Сондай-ақ ол АҚШ-тың жаңа биліктің аяғына нық тұруы үшін 1 млд доллар беруі заңға қайшы екенін айтып, арнайы тексеру жұмыстарын жүргізуін талап етті. Осылайша әр мәселенің басын шалып, отанынан жырақта жалпылама мәлімдеме жасаған Янукович өзін әлі Украина президенті санайды екен. Және отанына оралуды көздейді. Ал  жиын соңында журналистердің сұрағына жауап берместен шығып кетті. Ал бүлік шығарып жатқан Қырым автономиясының билігі бүгін тәуелсіздік декларациясын қабылдап та қойды. Құжатқа Парламент бірауыздан дауыс берді. Енді  түбек автономия емес, толық құқылы республика. Украинадан бөліну туралы референдумның өзі алдағы жексенбіде өтетінін айта кетейік. Бірақ оның қорытындысын халықаралық қауымдастық мойындамайтынын алдын- ала ескерткен.