Ал Жоғарғы Рада Януковичті отставкаға жіберу жайлы шешім қабылдап, мерзімінен бұрын президент сайлауын мамыр айына белгіледі. Осы хабардан соң президент Киев маңындағы резиденциясынан тез арада көшіп кеткен. Бірнеше жүк көлігіне бағалы заттар мен жеке мүлкін тиеп жіберсе, отбасымен бірге өзі тікұшаққа отырып белгісіз жаққа із жасырып үлгерді. Бүгін оған және басқа бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды. Олар майдандағы азаматтарды жаппай өлтіру фактісі бойынша айыпталуда. Ал Севостополь қаласында Ресей туын көтеріп шыққан 30 мың адам соңғы өзгерістерге қарсылығын білдіріп жатыр. Олар Жоғарғы Раданың қабылдаған соңғы шешімдерінің бірде бірін мойындамайтынын айтып, ашық қарсылық білдіруде.