Виктория Ганяны өлтірген қаскөй өмір бойына сотталуы мүмкін

Процесс екі ай бұрын басталған. Алайда ол жабық өтіп, журналистердің кіруіне рұқсат етілген жоқ. Басты күдікті Денис Лесниковқа жалпы 4 адамды өлтіріп, ұрлық және зорлық жасады деген айыптар тағылған. Бірақ 31 жастағы айыпталушы тек Викторя Ганяны өлтіргенін мойындапты. Өзге тағылған айыптарды жоққа шығарған. Былтыр сәуірде Рудныйда 7 жасар Виктория із-түзсіз жоғалған еді. Бір ай бойы оны бүкіл полиция мен мыңдаған ерікті іздеп, ақыры қала шетіндегі ескі ғимараттардың бірінен өлі денесін тапты. Бүлдіршінді зорлап, сосын азаптап өлтірген.

Loading...