Виктория Нуланд: АҚШ Беларусьпен қарым-қатынасын түзеуге дайын

деді Вашингтондағы Америка кәсіпкерлер институтында сөйлеген сөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысының салалық көмекшісі Виктория Нуланд. 

«Қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында Беларусь премьер-министрімен кездескенде мен оған Минск қаласын келісімдер символына айналдырып, ел үкіметінің көп игі іс жасағанын айттым», - деді ол.

«Біз Беларусь еліндегі құқық қорғау аһуалын жақсарту үшін одан да жылы әрі біріккен қарым-қатынастарға дайынбыз. Беларусь үкіметіне бірқатар нақты ойларымызды айттық. Енді ол жақта визаларды қайтадан өзара тиімді негізде бере бастадық», - деп жалғастырды Нуланд.

«Бірақ, барлығы басшылықтың қолында. Елін ашықтық пен демократияға бастар ниетке байланысты. Әрине, біз оған қолдау танытуға дайынбыз», - деп қорытындылады өз пікірін дипломат.