"Астана" командасы өзiнiң алдына қойылған мiндеттердi тамаша атқарды. Нибали гранд турда бiрiншi орын алып үмiтiмiздi ақтады. Сонымен қатар бұл додада жас қазақстандық велошабандоздар оған көмектестi. Андрей Зейц, Дмитрий Груздьев сынды спортшыларымыз аянбады, өздерiн жақсы көрсеттi. Сонымен қатар эстониялық спортшымыз Танель Кангерт бiздi таңқалдырды. Кангертпен де келiсiмдi ұзарту бойынша жұмыстар жасалуда", - дедi команда менеджерi А.Винокуров.
Нибали өз кезегiнде "Астана" басшылығы мен барша қазақстандықтарға алғысын айтып, келесi Тур де Франс сынды гранд турда жеңiске жетуге мақсат ететiндiгiн айтты.