Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар статистикасы жаңарды

Өткен тәулікте 554 адамнан коронавирус табылса, тағы жиырма адам індеттен көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте Қазақстанда 554 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 68,
  • Алматы қаласында – 38,
  • Шымкент қаласында – 12,
  • Ақмола облысында – 48,
  • Ақтөбе облысында - 3,
  • Алматы облысында - 23,
  • Атырау облысында - 4,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 22,
  • Жамбыл облысында - 2,
  • Батыс Қазақстан облысында - 15,
  • Қарағанды облысында - 95,
  • Қостанай облысында - 70,
  • Қызылорда облысында - 4,
  • Маңғыстау облысында - 1,
  • Павлодар облысында - 69,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 74,
  • Түркістан облысында - 6.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 979 484 адамға жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан 15 пациент, вирустық пневмониядан 5 науқас қайтыс болды. Жалпы республика бойынша коронавирустан 12 852 адам, ковидтік пневмониядан 5 184 адам көз жұмды.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 145 пациент стационарда, 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 332 адамның жағдайы ауыр,
  • 85 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 66 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.