Виталий Кличко кәсіби бокстан кетеді

Боксшы ең көбі 1-2 жекпе-жек өткізіп, сосын бокстан мүлде кететінін баса айтқан.

Қырықтың қырқасына шыққан чемпион бокстан өзі кеткенмен, інісі Владимирдің рингте оның орнын жоқтатпайтынына сенімді. Естеріңізге сала кетейік, екеуінің жас айырмасы - 5 жас.

Виталий Кличко кәсіби бокс рингінде 45 жекпе-жек өткізіп, 43 рет жеңіске жеткен. Ал оның 40-ында қарсыласын нокаутпен құлатқан. Әуеской бокста 210 рет рингке шығып, тек 15-інде ғана жеңіліс көрген.

Ол бокстан кететіні туралы 2005 жылы ауыр жарақат алған кезде айтқан болатын. Алайда 2008 жылы рингке қайта оралды.