Виталий Кличко менімен жекпе-жекке шығудан жалтарып бокстан кетті - Тайсон


Тайсонның сөзіне қарағанда, Кличко оған шаршы алаңда кездесуді ұсынбаған екен.

"Мен кездесуге келісіп, оның жағын айыратын едім, ол мұны біледі. Эмануэль Стюард В. Кличкоға менен нокаутпен жеңілетінін айтқан болатын. Виталий Кличко менімен жекпе-жектен жалтарып бокстан кетті, ал қазір Владимир де солай етуге тырысуда", - деген сенімде британдық боксшы. Сондықтан, ол украиндық боксшымен кез-келген жерде, кез-келген уақытта кездесуге дайын екенін айтып отыр.