Виталий Кличко неміс боксшысы Мануэль Чаррды нокаутқа жіберді

Бұл кездесу күрзі жұбырықты екі алыптың жан бепіп, жан алысқан айқасына айналды.

Жекпе-жектің нағыз қызған кезінде, яғни 4 раундта Мануэль Чаррдың қабағы жарылып қалды. Сөйтіп WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Виталий Кличко өзінің титулын сақтап қалды.

Виталий Кличко 41-де, ал Мануэль Чарр небәрі 27-де. Кличконың үлкені, яғни Виталий кәсіпқой бокс рингінде 46 жекпе-жек өткізіп, соның 44-інде жеңіске жетіп, тек екеуінде ұтылған. 44 жеңісінің 40-ын нокаутпен аяқтап, тек жара­қатына байланысты екі рет жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болған. Ал Бейрутта (Ливан) туған сириялық Германия боксшысы кәсіпқой бокс рингінде 21 кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен. Тіпті 11 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.