«Витебск-2010» байқауындағы шешуші күннің алдында қазақстандық әнші ең үздік бестіктің құрамына кірді

Хорватиядан келген Дамир Кеджо екі күннің қорытындысы бойынша 180 балдың 172-не қол жеткізіп, алда келеді. Грузиядан келген Лаша Рамишев 170 балл жинаса, Арменияның жас әншісі Анаит Шахбазян 165 балмен үшінші орынға көтерілді, 163 балды иеленген украиналық әнші Инна Воронова төртінші орында, одан екі балға артта келе жатқан қазақстандық әнші Динара Сұлтанғалиева үздік бестіктің ішіне кірді.