Роза - ПМПИ-дағы музыкалық білім кафедрасының екінші курс студенті. Фестивальда оның орындауында «Карузоға арнау» итальяндық әні шырқалып, әділ қазылардың көңілінен шықты. Сол арқылы бойжеткен «Эстрадалық вокал» аталымында жеңіске жетті.
Р.Мұқатаева әншілік өнерімен Оқушылар сарайында айналыса бастаған, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивальдарында ойдағыдай өнер көрсеткен болатын. Әдемі дауысы бар талантты бойжеткен музыкалық білімін педагогикалық университетте жалғастыруда. Оны музыка кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, бұрын да опера әншісі болған Еркін Жанайхан оқытуда.
«Виват, ИталияІ» фестиваліндегі жеңіс Роза Мұқатаеваға келесі жылы Францияда өтетін эстрада орындаушыларының байқауына қатысу құқығын береді.