- Біз келгелі 3 күн болды. Ат арылтып сонау Өскеменнен келіп тұрмыз.
Виза ала алмай сандалғандардың дені Қытайға ем іздеп барушылар. Туристік мақсатта немесе бизнес қамымен шекара асатындар да жетерлік. Барлығы таңның атысы кештің батысы осылай консулдық қақпасын торуылдауға мәжбүр. Айта кетейік, Қытай елшілігіне қатысты шудың соңғы кезде жиілеуі визаның мерзіміне байланысты болып отыр. Бұған дейін бірден 1 жылға берілетін құжаттың күші қазір тек 1 аймен шектеліпті. Оған қоса, шекара асам деушілерді аптасына 3 сағаттан 3-ақ мәрте қабылдайды. Енді соның салдарынан ұзын-сонар кезек.
Байнұр Зейнел:
- Мен өзім Жаркенттен келдім. Келгенімізге 15 күн болды. Келеміз, өтірік телефон қабылдайды. Жалғанбайды, сенбесеңіздер өздеріңіз көріңіздер. Бұларға ақша берсең жалғанады. Таңғы екіден келсеңіз ешкім жоқ. Ал тоғызда 50-60 адамнан кіргізіп жатады. Анау-мынау деп.