«ВКонтакте» желісін жаңа желі алмастырады


Канадалық әзірлеушілердің айтуынша жаңа желі 4 айда жасалады, - деп жазады massaget.kz.

Бұл туралы segodnya.ua хабарлады. Жаңа әлеуметтік желі Ukrainians деп аталады. «Алайда хат алмасу құралын жасау үшін оның украиндықтарға шынымен қажеттігін білуіміз  керек» дейді әзірлеушілер. Олардың айтуынша, егер 1 маусымға дейін қолдаушылар саны 50 мыңға жететін болса, олар интернет құралын бар болғаны 4 айда жасап шығамақ. Украинада санкция енгізіліп ресейлік «ВКонтакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілері мен «Яндекс» және «Mail.ru Group» қызметтері үш жылға бұғатталғанынан хабардар боларсыздар.