Владимир Кличко WBA/WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Гамбургтегі «O2 World Arena» кешенінде өткен басты жекпе-жегінде украиндық былғары қолғап шебері Польша боксшысы Мариуш Вахты жеңіп шықты. Боксшылар рингте барлық 12 раундты өткізді, оның қорытындысымен төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс В.Кличкоға берілді. Төрешілер жазбасының есептері: 120-107, 120-107, 119-109.

Соңғы сайысқа дейін В.Кличконың есебінде 58 жеңіс (50 нокаутпен), сондай-ақ 3 жеңіліс болды. М.Вах бұған дейін жеңіліп көрмеген еді және 27 жекпе-жекті (15 нокаутпен) ұтқан еді.

Бұған дейінгі 2012 жылғы шілдедегі сайыста В.Кличко американдық Тони Томпсонды жеңген болатын.